Блогер, продюсер Дархан Жолшыбеков "Өзіміз ғой" бағдарламасында отбасы, кәсібі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер алдағы жоспарларымен бөлісті.
"Қазіргі таңда өзіміздің "Qatty-Tatty" кофейнямыз бар. Мұны 6 қаладан аштық. Сосын Қытайдан зат алдырып сататын курсымыз бар. Қазір Мәскеуде екі үлкен қоймамыз бар. Соларға тауар жіберіп, қамтамасыз етіп жүрміз. 2-3 жылдықта шетелге шығып, сол жақта тұратынымызды жоспарлап қойдық. Алдымен осы жақтағы бизнесімізді тиянақтап кетеміз. Шетелден кәсіп бастағымыз келеді". - деді блогер
Дархан Жолшыбеков өмірде әйеліне қатал екенін айтты.
"Ата-анам Таразда тұрады. Барлық жағдайы жасалған. Бұдан бөлек айта алмайтын үлкен жаңалықтарым бар. Қарашада барлығын естисіздер. Кешегі концерттен соң көп әнші хабарласты. Продюсерлікке кетіп қалып, кино түсіргім келіп жүр.
Жалпы өмірде стористегідей емес, Дариға қаталдаумын. Бірақ абьюзер емеспін. Бізде ұрыс болмайды. Соңғы рет қашан ұрысқанымыз есімізде жоқ", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін блогерлер қымбат заттарға ақшаны қайдан алатыны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефон қосылмай қалса, не істеуге болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз