Мәскеуде тұрғын үй ауласында автокөлік жарылып, Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасының басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс 22 желтоқсанда таңертең Ясеневая көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia Sorento көлігі жүргізуші ішіне отырып, бірнеше метр жүргеннен кейін жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан кемінде жеті автокөлікке зақым келген.
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті әскери қызметкерді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасына сәйкес, автокөліктің астына жарылғыш құрылғы орнатылған, ол қашықтан іске қосылған.
"Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасы басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров алған жарақаттарынан қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.
Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Солардың бірі - қылмысты Украина арнайы қызметтерінің ұйымдастыруы мүмкін деген болжам.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!