Ресей мен Қытай өкіметі алты күндік жолды үш есе қысқарту мақсатында Мәскеу мен Бейжің қалаларының арасын қосатын темір жол салуды ұйғарып отыр. Орыс және қытайлықтардың БАҚ көздерінің хабарлауы бойынша аталған көлемді жобаға 230 миллиард АҚШ доллары жұмсалатын болып жоспарланып отыр екен. Темір жол жалпы 7000 шақырымға созылып, қазіргі кездегі ең жылдам пойыздың рекордын жаңартатын болады.
Екі ел астаналарын бір адымға жақындата түсетін жоба аяқталса, Ресей-Қытай сауда қатынасы одан әрі жақсаратын болады. Өткен аптаның соңында Қытай премьер-министрі Ли Кэцянның Мәскеуге жасағана сапарында осы мәселе нақты шешімдермен аяқталыпты. Ресей аумағында темір жол Қазан және Татарстан арқылы өтетін болады. Ал Қытай аймағында аталған жылдам тасымалдау бағытының 803 шақырымы ғана енетін болады.
Қазіргі кезде Мәскеуден Бейжің қаласына жету жолы Транссібір экспресі арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін алдымен Мәскеуден ең жақын болған Владивосток қаласына жету керек. Сосын оңтүстік тармақпен моңғол елінің астанасы Ұлан-Батор арқылы Бейжіңге жетуге мүмкіндік болады.
Нақты нысанға алынып отырған екі қаланың аралығын қосатын жолаушы тасымалдайтын темір жол 1954 жылы қосылған болатын. Ол қазірге дейін аптасына екі рет жүргізіледі. Ендігі қолға алынған жобаның қаржы қолғабысы кешіктірілмейтін болса, бес жылда аяқталуға міндетті болып отыр. Жалпы 1 шақырым жол орташа есеппен 33 миллион АҚШ долларын қамтитын болады.
Ең жылдам жүретін жолаушы тасымалдайтын пойыз әзірге Қытайда ғана бар. Оның салынуына он жыл бойы француздың Alstom, немістің Siemens, жапонның Kawasaki Heavy Industries компаниялары ат салысқан болатын.
Сонымен қатар, Қытай өз технологиясын экспорттау мақсатында Турция мен Венесуэла елдерінде де жүйрік поездардың жолын салу жобаларын қолға алып келеді.
Сурет: www.news.coolwebmasters.com