Мәскеу маңынан циклон жылжып келеді: алда тұрақсыз ауа райы болады

Қазгидромет 21, 22, 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәскеу маңынан жылжитын циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр жауады, 23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да нөсер жауын болжанып отыр. Күндіз найзағай ойнап, кейбір жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі, таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз ауа температурасы төмендейді. Батыс Қазақстанда 7-17 градус жылыға дейін, солтүстікте 13-20 градус жылыға дейін, орталықта 15-23 градусқа дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 15-20 градус жылыға дейін өзгереді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!