Біріккен Араб Әмірліктерінен Мәскеуге ұшып келген Өзбекстан азаматы іш киімінің ішіне 62 ірі гауһар тасты тығып алған. Ол кеденшілерге туыстарына сыйлық әкеле жатқанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.
Внуково әуежайының қызметкерлері Өзбекстанның 39 жастағы азаматын "жасыл" дәліз арқылы өтпек болған кезде тоқтатты. Ер адамның сөмкесінен инспекторлар 13 қорап Apple, Samsung және Sony құрылғыларын, сондай-ақ асыл тастарға арналған 40 GIA және IGI сертификаттарын тапты. Бұл ретте кеденшілер гауһар тастарды өздері таппаған. Затты өз еркімен беруді сұрағанда, өзбек азаматы басқа заты жоқ екенін айтқан.
Федералдық кеден қызметінің ресми арнасының мәліметінше, жеке тінту кезінде гауһар тас ер адамның іш киімінен табылған. Ер адам 62 үлкен гауһар тас пен шашыраңқы ұсақ тастарды алып жүретін іш киіміне жасырын қалта жасап алған. Сараптама барлық асыл тастардың гауһар тас екенін растады.
Өзбекстан азаматы өзінің БАӘ-нің ірі әуе компаниясының қызметкері екенін және Мәскеуге туыстарына бару үшін ұшып келгенін, оларға сыйлық ретінде осы қымбат тастарды әкелгенін айтқан. Ер адамның айтуынша, тауар құны 17 мың доллардан аспайды.
Алайда кеденшілер гауһар тастар мен жабдықтарды шамамен 5 миллион рубльге (55,5 мың долларға) бағалап, контрабанда бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Өзбекстан азаматы қамауға алынып, 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!