Мәскеу-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар ұшағы тежеу жүйесіндегі техникалық ақау туралы сигналдан кейін Шереметьево әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды РЕН.ТВ телеарнасы.
"Мәскеу-Алматы рейсі ұшу барысында оң жақ тежеу жүйесінің істен шыққаны туралы хабарламаға байланысты Шереметьево әуежайына оралды", - делінген хабарламада.
Телеарна мәліметінше, ұшақтың қонуы қалыпты режимде өткен, зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!