Актриса Жарқын-ай Ханайым ашық образда суретке түсіп, жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл суреттерді өнер иесі өзінің instagram парақшасына жүктеп, жазба қалдырды.
"Бәрі ұмытылған, Ойын ұтылған. Көкжиектен іздеймін. Күнім. Оңай берілмеймін" - дейді актриса.
Алайда шоу-бизнес жұлдызының клиптегі образы кейбір желі қолданушылардың көңілінен шыға қоймаған. Әнші бейнебаянға ашық образ таңдаған.
"Масқара, сізден мұндайды күтпедік", "Ел алдында жүрген адамды осындай халде көрген біртүрлі екен. Артыңыздан еріп келе жатқан қыздарға не тәрбие бересіз?", - деп жазуда оқырмандар.
Дегенмен әртістің образына тәнті болған жандар да табылды. Олар Жарқынайдың мінсіз мүсінді ару екенін жазуда.
"Жаза берсін", "Сізге бәрі жарасымды", "Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Өзіне жарасып-ақ тұр", "Мінсіз мүсінді ару" , "Керемет, мына образы мықты шығыпты", "Қазақтың Николь Шерзингері", "Баласы бар ана деп кім айтады?", - деп жазды олар.
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым, актер Баян Алагөзованың жиені, Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбекпен бір шаңырақта 1 жылдан аса уақыт тұрып, ажырасып кеткен еді. Екі жастың арасына продюсер Баян Алагөзованың түскені рас па? Ол туралы сілтемеге өтіп көре аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!