“Масқара, не болып жатыр?!“ Қазақстандықтар тариф қымбаттап кеткеніне наразы

“Масқара, не болып жатыр?!“ Қазақстандықтар тариф қымбаттап кеткеніне наразы
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желі қолданушылары байланыс операторларының тарифі қымбаттап  кеткеніне наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Threads желісінде азаматтардың шағымы пайда болды. 

"Қазақстандағы провайдерлердің көбі тарифті қымбаттатып жатыр. Онсыз да арзан емес, "13 000 теңгенің тарифі қаңтардан бастап 17 249 теңге болады" деген хабарлама келді. Масқара! Не болып жатыр өзі мына жерде?!" - деп ашынды жұрт.

 

 

Байланыс операторлары не дейді?

Massaget.kz осы жағдайға байланысты байланыс операторларына жүгінді.

Beeline

Beeline мәліметінше, 2025 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша шығыны 65 млрд теңге болған, бұл былтырғы көрсеткіштен 30%-ға артық, ал кейінгі 5 жылдағы жиынтық көлем 370 млрд теңгеден асады.

"Бұдан бөлек, шығындарымызға әсер ететін тағы бірқатар экономикалық фактор бар. Мысалы кейінгі 5 жылдағы жиынтық инфляция деңгейі 70%-дан асады. Бес жыл бұрын 1000 теңге тұрған тауар бүгінде 1700 теңге тұрады. Салдарынан жабдықтан бастап шығын материалдарына дейін барлық бағытта шығын артты", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша Beeline жағдайды "шығыны артып бара жатқанына байланысты" деп түсіндірген.

Tele2

Tele2 де 25 желтоқсаннан бастап тариф бағасы өзгеретінін хабарлады. 

"Компания тариф бағасын өзгертеді. Желілерімізді дамыту, жаңарту мен қызмет көрсету шығындары өсуіне, сондай-ақ, салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты бағаны өзгертуге мәжбүрміз", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget