- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маск туыстарын Twitter-ге...
Маск туыстарын Twitter-ге жұмысқа алды - БАҚ
Twitter-дің жаңа иесі Илон Маск компания штатына таныстары, әріптестері мен туыстарын жұмысқа алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Twitter-дің Сан-Францискодағы штаб-пәтерінде Масктың Tesla және The Boring Company компанияларындағы бұрынғы қызметкерлері, оның ішінде немере ағалары да жұмыс істейді.
"Масктың екі немере ағасы Джеймс пен Эндрю Маск қазір Twitter-де жұмыс істейтін сияқты. Twitter-де Tesla-ның ондаған инженері, The Boring Company қызметкерлері және Масктың кәсіби ортасындағы таныстары қызмет етеді", - делінген хабарламада.
Twitter-де Илонның заңгері Алекс Спиро мен Масктың Excession отбасы инвестициялық фирмасының басшысы Джаред Бирчалл де жұмыс істейді.
Еске салайық, кәсіпкер компанияны қазанның аяғында сатып алып, директорлар кеңесін таратқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек