Машина жасау саласына алдағы 5 жылға 600 млрд теңге қарастырылмақ

Отандық өндіріс орындарын дамыту үшін офтейк-келісімшарт жасау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі машина жасау саласын дамыту үшін отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында бірқатар шаралар қабылдамақ.

"1500-нан астам машина жасау тауарларына мемлекеттік сатып алуларда басымдық берілді. Сонымен қатар машина жасау саласын ынталандыру мақсатында алдағы 5 жылға шамамен 600 млрд теңге қарастыру мәселесі пысықталуда", - деп хабарлады Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.  

Оның айтуынша, еліміздің машина жасау кешенін дамытудағы негізгі кедергілердің бірі - білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Осыған байланысты министрлік кәсіпорындармен бірлесіп кадр даярлауды күшейту бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында теорияны оқытып, зауыттарда практика өтуді көздейтін бағдарламалар әзірленді.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!