- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мәселені шешуге 500...
"Мәселені шешуге 500 мың доллар сұрады". Алмас Өтешов допинг қабылдағаны үшін қанша айыппұл төлегенін айтты
Фото:
"Уақыт көрсетеді"
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов допинг қабылдағаны үшін 50 мың доллар айыппұл төлеген. Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал допинг мәселесін шешуге 500 мың доллар сұралған.
"Венгрияда Будапештте соттасқан кезде мен 50 мың доллар айыппұл төледім. Одан кейін допинг мәселесін шешуге 500 мың доллар сұрады. Менде мұндай ақша қайдан болсын? Өзім 50 мың долларды әрең төледім. Сөйтіп біз Александр Винокуровтың авдокатын жалдадық, сол адвокат та 500 мың доллар сұрады. Мен мұндай ақшаны қайдан табамын?" - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә