“Мәселе жеке жауапкершілігіңізде“. Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

“Мәселе жеке жауапкершілігіңізде“. Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов транзиттік тасымалдау жоспары кешігуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласы туралы баяндамаларды тыңдап, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

"Талғат Сағиұлы, сіздің алдыңызда транзиттік тасымалдарды 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда менде бар ақпаратқа сәйкес бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30 пайызға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына "ҚТЖ" небәрі 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштер уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңізде", - деді Олжас Бектенов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget