Маса шақса, ол жағымсыздық сыйлап қана қоймай, аллергиялық реакцияның себебіне айналуы мүмкін. Кей жағдайларда жәндіктер - қауіпті ауруларды тасымалдаушылар. Маса шақпас үшін не істеуге болады? Дерматолог Жанна Благова пайдалы кеңестер ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
1. Репелленттер сатып алыңыз
Репелленттер - жәндіктерді үркітуге қолданылатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Олар қолданылу әдісі бойынша былай бөлінеді:
Репелленттерді таңдау кезінде әсер ететін заттың шоғырлануын қараңыз. Әдетте химиялық ингредиент ДЭТА деп тұрады. ДЭТА 10%-дан 25%-ға дейін болса, оны теріге жағуға болады. Ал ДЭТА 30–50% болса, ол киімге жағуға арналған.
Құралды нұсқаулығы бойынға ғана қолдануға болады. Сол кезде ол денсаулыққа зиян тигізбейді.
2. Нақты түсті киім киіңіз
Масаларды өзіне тартатын түстер - қызыл, қызғылт-сары, қара және көгілдір. Ал жасыл, күлгін, көк және ақ түстерді масалар елемейді. Адамның терісі де масалар үшін қызғылт-сары сигнал береді. Сондықтан жұқа ашық түсті жабық киім киіп алыңыз.
3. Москит тор іліңіз
Масалар үйге кіріп кетпес үшін терезелерге, есіктерге москит торын орнатып тастаңыз.
4. Ауланы тазартыңыз
Тұрып қалған су - масалардың көбеюіне қолайлы орта. Сондықтан үйдің айналасын таза ұстаған дұрыс.
5. Өсімдіктер егіңіз
Масаларды үркітетін өсімдіктер егіңіз: насыбайгүл, жалбыз, лаванда, гүлшетен. Сондай-ақ қазтамақ, мирт, лимон, апельсин секілді бөлме өсімдіктері өзінің күшті иісімен масаларды үркітеді.
6. Эфир майлары
Қалампыр, лимон, лаванда, жалбыз, эвкалипт және кедір майлары - масалардан қорғайтын табиғи заттар. Эфир майларын әртүрлі қолдануға болады: киімге, теріге жағу, хош иістендіргіш шамға құю, бірнеше майлықты майлап, бөлмелерге қою және т.б.
Оқи отырыңыз: Масалар қандай адамды көп шағады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз