- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мас күйде мешітке...
"Мас күйде мешітке апарып тастаған". Жамбыл облысында 2 жасар бала жоғалып кеткен
Жамбыл облысында 2 жасар бала жоғалып кеткен. Кейінірек бала мешіттен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қаңтарда Қаратау қаласының полициясына 2 жасар бала жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткенін, ал қайтып оралғанда оны үйінен таппағанын айтқан.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша (Адам ұрлау) соталды тергеу басталған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізуге Қаратау қаласына барған.
"Хабарлама түскен сәттен бастап баланы іздеуге кiрiстiк. Iздестiру шараларына 80 полиция қызметкері, 50-ден аса ерікті және ауданның қамқор тұрғындары жұмылдырылды. Біз қаланың әр бұрышын аралап, барлық жертөле мен үйдің шатырын қарадық", - деді Талас АПБ ЖПҚб кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Жанғали Көпжасаров.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бала мешіттен табылып, Талас ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Медициналық тексеріс барысында баладан ешқандай жарақат белгілері анықталмаған.
Полицейлер баланың анасы болмаған кезде басқа адамдар пәтерге келіп, ішімдік ішкенiн анықтаған. Баланың қатты жылағанын естіген пәтер қонақтарының бірі қатты мас күйде оны көрпеге орап, жақын маңдағы мешітке апарып тастаған.
Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова