- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мас күйде күйеуін...
Мас күйде күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды
Мас күйде күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының МАҚС-да алқабилердің қатысуымен бұрынғы күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі).
Туыстарында қонақта болған әйел алкогольдік ішімдік ішіп, бұрынғы күйеуімен жанжалдасып қалған. Жеке өшпенділік қарым-қатынастан алкогольдік мас күйінде ол өзінің бұрынғы күйеуін өлтіруді көздеген.
Әйел адам оның алкогольдік масаң күйде болғанын пайдаланып, қарсылық көрсете алмаған соң, асхана пышағымен оның кеуде тұсынан ұрған.
Ер адам пышақ жарақатынан сол жерде қайтыс болған.
Алқабилер шешімі
Алқабилер айыптауды ҚК-нің 99-бабынан (кісі өлтіру) 104-баптың 1-бөліміне өзгертті (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу).
Жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып, сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Кінәні ішінара мойындау, соттылығының болмауы және сотталушының оң мінездемелері жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлайтын мән-жайлар - мас күйінде қылмыс жасау.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина