Мас күйде жанжал шығарған маңғыстаулыққа жаңа баппен үкім шықты

Мас күйде жанжал шығарған маңғыстаулыққа жаңа баппен үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау аудандық сотында Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу органымен Т. ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен айыпталған (екі немесе оданда көп адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiру).

Сотпен анықталғаны:

Т. 20 маусымда сағат 20:00 шамасында Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталық көшесі, 15 үйдің жанында, мас күйінде, жанжал барысында жәбірленуші Е.-мен оның жолдасы Ш-ны аяқ қолдарымен денелерінің әр жерінен ұрып соғып, денелеріне жеңіл дәрежелі дене жарақаттарын салған.

Тараптардың позициясы:

Прокурор Т.-ды жәбірленушілердың денсаулықтарына қасақана жеңіл дәрежеде зиян келтiргені үшін кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер Т.-ды кешіргендерін, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы Т. өзінің кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Дәлелдеу базасы:

Сотталушының кінәсі, өзінің және жәбірленушілердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді.

Соттың үкімі:

Сот Т.-ға жаза тағайындау барысында, оның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде, кінәсін мойындап, шын көңілімен өкінетінін, ал жазасын ауырлататын мән-жайларға, қылмысты масаң күйде жасағаны танылды.

Сот Т.-ды ҚК-тің 108-1-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

ҚК-нің 44-бабына сай, тағайындалған бас бостандығынан шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, тиісті міндеттерді орындау жүктелді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!