- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мас күйде бірнеше...
Мас күйде бірнеше адамды өлтіріп, өмір бойына сотталған адамның үкімі өзгеріссіз қалды
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Ахановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот үкімімен Аханов ҚК-нің 96-баптың 2-бөлігі "а, ф, к, н" тармақтары, 24-баптың 3 бөлігі, 96-баптың 2 бөлігі "a, ж, к, н" тармақтары бойынша кінәлі деп танылған (бірнеше рет адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша екі немесе одан да көп адамды өлтіру және тағы бір қылмысты жасыру мақсатында екі адамды өлтіруге оқталу). Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.
Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.
Сот Ахановтың алкогольді ішімдік ішу және туындаған жанжал кезінде бір жәбірленушіні өлтіргенін, одан кейін сыбайласымен қылмыстың екі куәгерін өлтіргенін сенімді түрде анықтады. Осыдан кейін кінәлілер оқиға орнына келген екі жәбірленушіні өлтірмек болған, бірақ соңғысының белсенді қарсылық көрсетуінің салдарынан олар өздерінің қылмыстық ниеттерін аяқтай алмаған.
А.Б.Ахановтың кінәсі қылмысқа қатысушының, жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, тәркілеумен, сараптама қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденген.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және кінәлінің жеке басына сәйкес келеді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай бар, яғни мас күйінде қылмыс жасалған.
Осыған байланысты алқа сотталушының жазасын жеңілдету туралы өтінішхатын қанағаттандырмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина