- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ туралы
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап Павлодар облысында полицейлер мас күйінде көлік басқарған төрт жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқықбұзушыларға қатысты барлық материал сотқа жіберілді. 5 қаңтарда Павлодар қаласының Толстой көшесінде Hyundai Accent автокөлігі назар аударған. Көлікті тоқтатқан кезде жүргізушіден ішімдіктің өткір иісі сезілген. Әңгіме барысында ол достарымен қонақта ішімдік ішкенін мойындап, жағдайын жоққа шығармаған.
Осыған ұқсас жағдай Естай көшесіндегі 142 үйдің жанында тіркелген. Мұнда Nissan Gloria автокөлігі тоқтатылып, оның жүргізушісі де мас күйде болғаны анықталды. Куәландыру жүргізушілердің спирттік ішімдік тұтынғанын растады. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.
Мас күйде көлік басқарған екі жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды. Олардың автокөліктері арнайы тұраққа жеткізілді.
Полицейлер мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылар үшін үлкен қауіп төндіретінін еске салады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова