- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мас әйел тыр...
Мас әйел тыр жалаңаш шешініп, жанармай құю бекетінде жанжал шығарған
Германияда мас тіс дәрігері жанармай құю бекетінде тыр жалаңаш шешініп, жанжал шығарды. Бұл туралы Bild Telegram-арнасы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы жанармай құю бекетінде жалаңаш, мас әйел видеоға түсіп қалған. Ол айқайлап, клиенттерді қорқытқан. Кейін оқиға орнына полиция шақырылғаны айтылды.
Артынша әйелдің Арнсберг қаласының 49 жастағы тұрғыны, тіс дәрігері екені белгілі болды. Бұл оның полиция назарына бірінші рет ілігуі емес екен. Шамасы, әйел алкогольге тәуелділіктен зардап шегеді, бірақ әлі де науқастарды емдейтіні белгілі болған.
BILD мәліметінше, осы аптада тіс дәрігері емханаға пышақпен келіп, қаруын ары-бері бұлғап, джунглиде жүргенін айтып айғайлаған. Осыдан кейін оның көмекшілері дәрігердің ауруын сылтауратып, барлық жоспарланған пациентті қайтаруға мәжбүр болады.
Биылдың өзінде әйелге қатысты қорлау, шабуыл жасау және есірткі заттары бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер көшеде жалаңаш жүрген дәрігерді алып кеткен. Оның қанынан 3,2 промилле алкоголь анықталғаны айтылды. Бірақ мұның өзі әйелге дәрігерлік қызметін жалғастыруға кедерді болмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан