Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды

Астанада 24 жастағы жігіт бөтен көлікті заңсыз иемденіп қана қоймай, мас күйінде рөлге отырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлаушының жеке басын анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша жас жігіт түнде алкогольдік күйінде көшеге шыққан. Ол тұрғын үйдің ауласында құлыпталмаған Mercedes E-230 көлігін көреді. Көлік кілттері тұтану қосқышында болды. Мас астаналық көлік құралын иемденіп, қаланы айналып шығуды жоспарлайды. Бірақ біраз уақыттан кейін ол үш миллион теңгеге материалдық шығын келтіріп, бағанаға соғылады.

"Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!