- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бапи туралы
“Марстан іздеудің қажеті жоқ“. Бапи бірқатар депутатты басшылық лауазымға ұсынды
Депутат Ермұрат Бапи Президент Тоқаев айтқан отаншыл кадрлар Мәжіліс депутаттары арасында да бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқаевтың пікірі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елге отаншыл кадрлар керек екенін айтты.
"Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Оны алдағы бес жылда орындауымыз керек. Бізге, ең алдымен, білікті және ел мүддесін ойлайтын отаншыл кадрлар керек. Дәл осындай мамандарды тауып, оларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз", - деді Мемлекет басшысы.
Депутат Бапидің премьер-министр Бектеновке үндеуі
Ермұрат Бапи Тоқаев айтқан кадр мәселесі тақырыбы өзекті екенін жеткізді.
"Бізге, ең алдымен, білікті және ел мүддесін ойлайтын отаншыл кадрлар керек. Дәл осындай мамандарды тауып, оларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз" деді Президент. Мұндағы тірек (ключевое) сөз - "табамыз"! Ал "басшылық лауазымға тағайындайтын" мұндай кадрларды алыстан немесе Марстан іздеу қажет емес. Олар біздің жанымызда жүр", - деді Бапи.
Бұл тұста Ермұрат Бапи Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа да үн қатты.
"Айтпақшы, (Ерлан Жақанұлына қарата) ондай "сен тұр, мен атайын" дейтін жұлынып тұрған және өзінің елін Президентпен бірге өзгертуге құлшынысы қайнап тұрған жастар осы залда да отыр. Мен оларды өз көзіммен күнделікті көріп жүрмін (парламенттік партада қатар отырған Жанарбек, Елнұр, Ринат). Бұлар - нағыз президенттік талапқа лайық жігіттер!
Ерлан Жақанұлы, ең бастысы, былықпен былғанбаған, азаматтық ерік-жігері таза жас депутаттарды атқарушы билікке "делегировать" ететін кез келген сияқты. Оларды мемлекеттік органдардың шарығында шыңдап, оты мен шоғына қақтап алып, нағыз мемлекетшіл тұлға қалыптастыру - халықтық қажеттілік болса керек!" - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова