- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Марста ежелгі көлдің...
Марста ежелгі көлдің ізі табылды
АҚШ-тың ұлттық әуе-ғарыш агенттігі - НАСА ежелде Марс ғаламшарында болған көлдің ізін тапты, - деп хабарлайды Хабар 24.
Телеарна мәліметінше, Кьюросити ровері қазір Элоида тауының етегінде жүр. Гейл кратерін зерттеу барысында бұл құрылғы ежелгі көлдің толқындары әсерінен өзгерген тау жыныстарын тапқан. Ғалымдардың пайымдауынша, ежелде, осыдан миллиардтаған жыл бұрын Қызыл ғаламшарда теңіздер, көлдер мен өзендер болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова