Марсқа апаратын «телепорт» технологиясы жасалды

Калифорнияның Synthetic Genomics Inc компаниясы жаңалық ашты. Олар жерден тікелей Марсқа жетуге болатын «телепорт» технологиясын ұсынды. Онда тіршіліктің ДНҚ-сы басты рөл ойнайды. 

Ғалымдар тәжірибе кезінде тіршілік етуге қабілетті тұмаудың вирусын басып шығара алған. Осы ретте олар адам ағзасында өмір сүретін вирусты тірі күйінде басып шығара алған болса, адамның ДНҚ-сы да жарамды болу керек деп топшылап отыр. 


Аталған принтер BioXP 3200 деп аталады. Технология химиялық жолдар арқылы ДНҚ бөлшектерін жинап, құрастырады әрі басып шығарады.

Тірі организмді факс арқылы тірі қалпында бірінші жерден екінші жерге жеткізу теориясы әлі де зерттеліп келеді.