Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі өкілдері хабарлайды. 329 адам ауыр халде ауруханада жатыр.
"Магнитудасы 7,2 балл деп бағаланған табиғи апат эпицентрі - Жоғары Атлас тауында, 18 шақырым тереңдікте", - дейді елдің геологиялық қызметі өкілдері.
Әл-Хауз, Хуарзазат, Марракеш, Азилал, Шихауа және Тарудант провинциялары қатты зардап шекті.
Al Jazeera ЮНЕСКО-ның мұрасы ретінде танылған Марракеш қаласының тарихи бөлігі ішінара жойылғаны хабарланды. Бұл - Марокко тарихындағы кейінгі 20 жылдағы ең ірі апат.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!