Желіде танымал актер Жахан Отарғалиевтің көзіне жас алған видеосы тарады. Оның жылауына марқұмның арманын есту себеп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал актер күйеуінен айырылған жесір әйелдің мұң-зарын тыңдап, балаларының жағдайын көріп еріксіз көзіне жас алыпты. Отағасынан айырылған әйелдің күйеуі туралы айтқаны актерге ерекше әсер еткен болса керек.
"Жаңағы отбасын көріп шығып келе жатырмын ғой. Күйеуіне зар болып отыр ғой. "Балаларымның үйі болса екен дейтін" деп күйеуін мақтап отыр. Кез келген нәрсеге шүкір ету керек сияқты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып осы отбасының үйлі болған күнін тойлайықшы, жаны жомарт жандар", - деп үндеу жасады актер әлеуметтік желіде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз