- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Марқұм Салтанат Нүкенованың...
Марқұм Салтанат Нүкенованың тәлімгері оның орындалмаған арманы туралы айтты
Салтанат Нүкенова 9 қарашада қаза тапты. Күдікті - марқұмның жұбайы, экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев. Қазір бұрынғы ұлттық экономика министрі тергеу изоляторында. Марқұмның туыстарының айтуынша, Салтанат асқан қатыгездікпен өлтірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов қарындасының денесінде сұмдық жарақат іздері болғанын жеткізді.
"Басында бірнеше терең ойық болды. Бұл қалай пайда болғанын білмеймін. Қолында, денесінде, арқасында да бар. Қарындасымыздың сау тамтығы қалмаған", - дейді марқұмның ағасы Қайрат Нүкенов.
Марқұмның туыстары, жақындары, таныстары Салтанатты мейірімді, көңілді адам болғанын еске алады. Ол астрологиямен айналысқан. Оның тәлімгерінің сөзінше, марқұмның жоспары мен мақсаты көп болған.
"Ол оқу мен тележүргізуші рөліне кастинг арасында жүрді. Сонда қандай керемет жастар өсіп келеді деп ойладым", - дейді марқұмның тәлімгері Аида Галеева.
31 жастағы әйелдің өлімі елді дүр сілкіндіргені соншалық - қазақстандықтар қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін осы саладағы қылмыстық-әкімшілік заңнаманы реформалау туралы петицияға жаппай қол қойып жатыр.
Еске салайық, бұған Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова