Марқакөлде аю фототұзаққа ілікті - видео

Марқакөлде аю фототұзаққа ілікті - видео
Фото: Видео кадры

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Марқакөлде түсірілген кадрлардан аюдың жылғадан кешіп өтіп бара жатқанын көруге болады. Видео күндіз түсірілгендіктен, жыртқыш анық көрінеді. Мамандардың айтуынша, аю әдетте адамнан бойын аулақ ұстайды. Сондықтан оның табиғи ортадағы тіршілігін көбіне осындай фототұзақтар арқылы бақылауға болады.

"Қоңыр аю - өңірдегі ең ірі жыртқыштардың бірі. Ол орманды аумақтарды мекендейді және қорек іздеп алыс қашықтыққа дейін жүре алады. Қорегі де әртүрлі: өсімдік, жидек пен тамырдан бастап жәндіктер мен жануар тектес азыққа дейін жейді", - делінген ведомство хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget