Мария Бровкова мен Руфина Искакова Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады

Мария Бровкова мен Руфина Искакова Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады
Фото: olympic.kz

Париждегі Олимпиада ойындарында екілік каноэден (500 метр) әйелдер арасындағы ширек финал  аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші ширек финалда сынға түскен қазақстандықтар Мария Бровкова мен Руфина Искакова жартылай финалға өте алмады. 

Олар өз тобындағы төрт экипаж арасынан төртінші орын алды. 

Ал жартылай финалға алғашқы  үш орынды иеленген командалар өтті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан