Ресейдің Кемер облысында марихуанадан уланған 11 айлық сәби жансақтау бөліміне түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Новокузнецк қаласында болған. Нәресте ойнап жүріп үйінен есірткі тауып алып, жеп қойған. Артынша уланған сәбидің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Баланың ауырып қалғанын байқаған анасы дереу жедел жәрдем шақырған.
Бала марихуанадан қатты уланып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, жәбірленушінің жағдайы ауыр бағаланды.
Құқық қорғау органдары қазір мән-жайды анықтап жатыр.
"Полиция есірткінің кімдікі екенін және баланың оны қайдан тапқанын анықтап жатыр", - деп жазды басылым.
Белгілі болғандай, уланған нәресте анасы және ата-әжесімен анасымен бірге тұрады. Баланың ата-әжесі бұрын заңсыз заттарға қатысты айыппен бірнеше рет сотталған жандар болып шықты. Ал сәбидің әкесі бес жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған.
Еске салайық, бұған дейін Мәскеу маңындағы балабақшалардың бірінде 4 жасар бүлдіршіннің өз тобындағы қыздың көзін қарындашпен ойып алғанын жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин