Мариан Ордабаева джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан әйелдер арасындағы 63 келі салмақта екі қазақ спортшысы күресіп, жүлдеге таласты.
Мариан Ордабаева пен Ажар Салықов арасындағы жекпе-жек алғашқысының сенімді жеңісімен аяқталды. Есеп: 7-0.
Осылайша, Қазақстан делегациясының қоржынына 70-ші, соның ішіндегі 42-ші қола медаль түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!