"Мен жауап беремін" жобасының авторы Марғұлан Сейсембаев бизнесмендерді ақшаны емес, халыққа пайда келтіруді ойлауға үндеді. Бұл туралы постты ол өзінің Фэйсбуктегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, бизнесмендің ақшаға ғана ұмтылуында халықтың да кінәсі бар. Себебі, халық адамды ісіне қарап емес, ақшасына қарап құрметтейді. Сондықтан қоғам қандай жолмен болса да ақша табуға ұмтылады.
Бизнесменнің айтуынша, жұрт ақшалы адамдарды емес, халыққа пайдасы тиіп жүрген адамдарды әспеттеп, құрметтеуі керек. Сонда ғана қоғамның дамуы жылдамдайды.
Сөз соңында Сейсембаев журналистерді де елге пайдасы тиіп жүрген адамдарды насихаттауға шақырды.