Алматы облысында жүгіру марафонында атлет Руслан Жолдыбаев мәреге санаулы метр қалғанда қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Athletex kz әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
"Биыл Tengri Ultra-да қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлаймыз, мәреге санаулы метр қалған кезде атлет Руслан Жолдыбаевтың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Рулан 41-де еді және оның спортта жүргеніне алғашқы жыл емес. Экстремал атлетиканың старттарына 2017 жылдан бері қатысып келе жатқан.
Жарыста кезекте тұрған интенсив терапия мамандары қолынан келгеннің бәрін жасағанымен оны құтқару мүмкін болмады", - делінген жазбада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!