Марат Сұлтанғазиев лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:
1997-1999 жылдары - Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің салық инспекторы.
1999-2001 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық комитеті әкімшілендіру басқармасының үйлестіру бөлімінің салық инспекторы, заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші, бас салық инспекторы.
2001-2006 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы.
2006-2008 жылдары - салық апелляциялары, түсіндірулер және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салық аудиті басқармасының бастығы.
2008-2010 жылдары - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.
2010-2012 жылдары - Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжау департаменті директоры.
2012-2014 жылдары - Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2014-2018 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2018-2021 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2021-2022 жылдары - қаржы вице-министрі.
2022 жылы - қаржы бірінші вице-министрі.
2022 жылғы маусымнан бастап Алматы облысының әкімі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!