- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Марат Қожаев ІІМ...
Марат Қожаев ІІМ бірінші орынбасары лауазымынан босатылды
Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Марат Қожаев депутат болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", – делінген жауапта.
Еңбек өтілі:
1984 жылдан Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері;
1989 жылдан 2001 жылға дейін тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;
2004 жылдан 2009 жылға дейін Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары;
2012 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы;
2014 жылдың қыркүйегінен Павлодар облысы ІІД бастығы;
2017 жылғы желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қ. ПД бастығы;
2019 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленген, 2-дәрежелі «Айбын» (2013) орденімен және 7 медальмен марапатталған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек