Марат Бекетаев ҚР Әділет министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бекетаев Марат Бақытжанұлы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылсын, ҚР Әділет министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Ал осыған дейін Әділет министрі қызметін атқарған Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясын басқаратын болды.