Марат Әзілханов қызметінен босатылды

Марат Әзілханов қызметінен босатылды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ол бұл қызметке 2021 жылы сәуірде тағайындалған еді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Дін істері агенттігінде, Мәдениет және спорт министрлігінде, т.б. мемлекеттік органда қызмет еткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget