- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Марат Ахметжанов Ақмола...
Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды
Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ахметжанов Марат Мұратұлы 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жылдары – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары– Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болды.
"Құрмет" (2008) және ІІ дәрежелі "Даңқ" (2014) ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медальдарымен, "Ресей флотына 300 жыл" естелік медалі және "Адмирал Кузнецов" медальдарымен марапатталған.
Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі қызметін Ермек Маржықпаев атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2019 жылғы наурызда тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова