Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлаған бес жасар қызды өтіп бара жатқан ер адам ұстап қалған. Оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ведомство мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Кешкі сегіздер шамасында Қабанбай батыр 42 мекенжайында 2017 жылғы қыз бала терезеден құлаған. Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қызды қағып алуға тырысқан.
"Ер адам құлаған қызды қағып алып жарақатын жеңілдетуге себепші болды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті Талғат Әбдіханұлы есімді ер адамды марапаттау рәсіміне шақырды. Алайда ол қыз ауыр жағдайда жатқандықтан марапаттан бас тартты", - делінген хабарламада.