Эстрада жұлдызы, әнші Мұхтар Ханзада өміріндегі қызықтары мен шығармашылықтағы жаңалықтарын бөлісті. Massaget.kz редакциясына келген өнер иесі эксклюзив сұхбат берді.
Жаңа марапатқа ие болдым
"Ерғали Әбдірайымов ағамыз ағалығын көрсетіп, бүкіл қазақ елін шаршатпай, тойларда билетіп "Шаршама" деп әніңді шырқап жүрсің. Қаншама туынды, қаншама бейнебаяндарың бар. Көптеген әндерің киноның саундтректеріне айналып жатыр. Еңбегің бар деп осылай Астанадан арнайы Мәдениет саласының үздігі атты марапатқа ие болуың керексің деп осындай ұсыныс білдірді. Сол марапатты алдық, қуаныштымын".
Жеке ән кешімді берсем...
"Өнеріміздегі әрбір жинаған туындыларымыздың барлығының тыңдарманын жинап, үлкен бір ән кешімді берсем. Әрбір әншінің арманы жетістікке жету. Өзінің өнерін халыққа паш ету. Концерт бергеннен кейін, ары қарай көптеген шығармашылықтарға талпынып, еңбектенсек деген ниетіміз бар. Еңбек сіңірген қайраткер дәрежесін, атағын берсе екен".
Кинода қойылған әндеріме ақша алмадым...
"Осындай әндеріңіз керек болып тұр еді деп режиссерлардың, актерлардың көмекшілері хабарласады. Көптеген киноларға менің әуендерімді қолданады. Мен ол жағына оң көзқарасыммен қарап, тегін беремін. Менің шығарған дүниемнің кеңінен тарағанын қалаймын".
Жерімнен айырылып қалдым...
"Бауырларымызбен жер сатып алғанбыз. Жер сатылыммен шықты, сол жерді сатып алдық. Бірақ та ол жердің сүрілуге кететінін білмедік. Біз сатып алған жердің астынан газ құбыры жүреді екен сондықтан онда үйге тыйым салынған. Сондықтан бізге рұқсат берген жоқ".
1,5 миллионның сағаты еді...
"Сыйлық алғанды кім жек көреді, бәрі жақсы көреді. Өзімнің бауырым, көз алдымда сағат сыйлады. Қызылордаға тойға барғанмын, сол мейрамхананың жанында тағы бір той болды. Мен ән шашуыммен кірдім, бір кезде екінші мейрамханадан маған келіп, той болып жатыр, ән айтып, көтеріп кетсең деп еді. Мен қарсылық білдірмей тойына кіріп, әнімді айтып кеттім. Сол бауырым ертесіне хабарласып, сағаттар орталығына апарып, өзіңе ұнаған сағатты ал деп 1,5 миллион бағасы бар, қол сағатын тарту етті".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!