Астанадан шыққан ультрамарафоншылар 8 мың шақырымды жүгіріп өтіп, Ақтауға жетті. Олардың бұл нәтижесі Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Nomad run жобасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған. Бес адамнан құралған марафоншылардың ең кішісі 33, ал ең үлкені 55 жаста.
Команда мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта Меккеге дейін жүгіріп баруды жоспарлап отыр. Жоба мақсаты – халық арасында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау.
"Бір ғана аяқ киім қалды. Міне, бұл да тозды. Желініп қалады. Асфальт жеп қояды. Мынаны 85 мыңға алып отырдық. Жүгіруге 30 күн кетті. Бәріміз аман-сау жеттік. Қасыма ерген командаға рақмет айтамын! Қолдаушымызға көп-көп рақмет! Халықтың арқасында білінбеді. Осында жеткенше халық қолдап келді", - деді Nomad run ультрамарафоншылар жобасының қатысушысы Меңдібай Әлімғазин
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!