Дәрігер Айгүл Арсланова маңызды іс-шаралар алдында неге кей адамдардың іші ауыратынын түсіндірді. Бұл туралы ол UfaTime.ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, ми алда болатын оқиғаны шын мәнінде қауіпті болмаса да қатер немесе үлкен сынақ ретінде қабылдауы мүмкін.
Маманның сөзінше, стресс көбіне бас ауруын немесе іштің ауырсынуын туындатады. Әдетте бас стресс гормондарының әсерінен қан тамырларының кезекпен тарылып, қайта кеңеюімен байланысты аурады. Бұл өз кезегінде бас тұсында қысым тудырады.
Ал стресс салдарынан іш ауырса, оның себебі - күшті эмоциялық кернеудің іш қуысы ағзаларындағы қан айналымын өзгертіп, ішек қозғалысын жеделдетуі. Мұндай кезде адамда жүрек айну, іштің түйілуі, диарея немесе іш қату байқалуы мүмкін.
Мұндай ауырсынулардан арылу үшін дәрігер релаксация тәсілдерін қолдануға кеңес береді. Мысалы, терең тыныс алу немесе медитация көмектеседі. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану мен сапалы ұйқы да эмоциялық күшті азайтуға ықпал етеді.
"Егер ауырсыну жиі қайталанса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет", - деп түйіндеді маман.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!