Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді елден заңсыз алып шығу схемасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Схема қалай жүзеге асқан?
Шикізатты шетелге шығару үшін кеден құжаттарында жүк "мыс кені мен концентраты" деп көрсетілген. Осылайша оның нақты құрамы жасырылған.
Тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан аса шикізат табылған.
Күдіктілер ұсталды
Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар RedGold Mining ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен өзге де тұлғалар анықталған.
Екі күдікті қамауға алынды. Серіктестіктің қаражатына тыйым салынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова