Шымкентте полициядан қашқан 17 жастағы жүргізуші видеоға түсіп қалды

Шымкентте полициядан қашқан 17 жастағы жүргізуші видеоға түсіп қалды
Фото: Видео кадры

Шымкентте полициядан қашпақ болған 17 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала көшелерін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған Lada Priora көлігін байқаған. Тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған жүргізуші қашып кетуге әрекет жасаған, алайда полиция қызметкерлері оны ұстаған.

"Көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ 17 жастағы қала тұрғыны отырғаны анықталды. Көлік басқаруға құқығы жоқ болғанына қарамастан, полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жауапкершілікке тартылып, көлік айыптұраққа қойылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget