ТЖМ құтқарушылары Абай облысында көпқабатты үйдегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
112 пультіне Семей қаласы Қарағайлы шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, бірінші қабаттағы балконда макулатура мен жиһаз жанып жатқаны анықталған.
"Жоғары температураның әсерінен балконда тұрған бос газ баллонындағы газ тұтанған. Соның салдарынан терезе әйнегі зақымданған. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова