Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 8 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласындағы Гоголь көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері түтінге толған ғимараттан 8 адамды эвакуациялады.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт 100 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Оның шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz