Алматыда көшкін қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Медеу ауданында көшкін қаупін азайту мақсатында қауіпті учаскелерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
"Ауданда көшкін қаупі бар 48 учаске анықталған. Оның 12-сінде әкімдік тиісті шараларды қолға алған. Қазір төрт учаскеде жұмыс жалғасып жатыр. Тағы сегіз учаскеде меншік иелері сарапшылардың ұсынысына сәйкес жұмыс істеп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Мамандар беткейлерді нығайтып, тіреуіш құрылымдар орнатып, басқа да жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде 18 учаскедегі жұмыс толық аяқталған. Қалған 30 учаске тұрақты бақылауда.
Ал 2024 жылдан бері ауданда көшкін қаупі бар учаскелердің саны 87-ге жеткен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова