Қарағандыда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, 8 қазанда сағат 10:00-де қолданыстағы барлық дыбыстық электр сирена іске қосылады. Тексеріс жұмыстары "Баршаңыздың назарыңызға!" сигналы бойынша жүргізіледі.
"Сиреналар кешенді оқу-жаттығу барысында іске қосылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге, түрлі қауесетке бой алдырмау, ресми хабарламаларды назардан тыс қалдырмау сұралады", - деді әкімдік өкілдері.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова