Жамбыл облысында мұғалім шәкіртін аяусыз ұрып-соқты

Жамбыл облысында мұғалім шәкіртін аяусыз ұрып-соқты
Фото: Massaget.kz/коллаж

Жамбыл облысының Қордай ауданында домбыра сабағында мұғалім шәкіртін аяусыз ұрып-соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кейін мұғалім оқиға шамамен бір жыл бұрын болғанын айтты. Сол кезде ол баланың анасынан кешірім сұрап, өзінің әрекеті бұрыс екенін мойындаған.

Мұғалім өз үндеуінде сол сәтте эмоция бой алдырғанын түсіндірді. Ол әрекеті үшін баланың отбасынан тағы да кешірім сұрады.

Полиция бұл жағдай бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар қабылдап жатыр.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау туралы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жауап берді департамент.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget