"Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада үсік жүреді, Алматыда күн жылы болады, ал Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана
27 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы күндіз +13…+15 градус жылы.
28 қыркүйекте де күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде -1…-3 градус үсік жүреді, күндіз +13…+15 градус жылы.
29 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде -1…-3 градус үсік жүреді, күндіз +15…+17 градус жылы.
Алматы
27 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +23…+25 градус жылы.
28-29 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10…+12 градус, күндіз +21…+23 градус жылы.
Шымкент
27 қыркүйекте күн бұлтты болады, таңертең және күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14 градус, күндіз +22…+24 градус жылы.
28-29 қыркүйекте күн бұлтты болады, кей уақыттарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12 градус, күндіз +21…+23 градус жылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz