Семейде 19 жастағы қыз кісі қолынан ажал құшқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, марқұм пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, бұл іс бойынша бойжеткеннің бұрынғы жігіті күдікке ілінген.
Қанды оқиға көшенің қақ ортасында болған. Қыз жергілікті колледждің үшінші курсында оқыған. Марқұм жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бойынша білім алған. Ұстаздары оның сабақты үздік оқығанын айтады.
Ал полиция қызметкерлері 24 жастағы күдікті ұсталғанын жеткізді.
"Күдікті анықталып, жедел түрде ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мен марқұм таныс болған", - деді Семей қаласы ПБ бастығының орынбасары Ержан Аққалиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова